АЛТЫННАН ҚҰНЫ ЖОҒАРЫ ХАДИС
Бұл хадиске ислам ғалымдары «құны алтыннан да жоғары» деп баға берді. Хадис Халид ибн Уалидтен риуаят етіледі:
Бірде пайғамбарымыз Мухаммедке (с.ғ.с.) бір араб кісі келіп: «уа Алланың елшісі мен сізден қандай амал жасау арқылы ізгілікке қол жеткізетіндігімді сұрау үшін келдім», - деді.
Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) оған: «сұрақтарыңды қой мен жауап берейін», - деді.
Сұрақ қоюшы көкейіндегі сұрақтарын қойды, пайғамбарымыз (с.ғ.с.) төмендегі жауапты берді:
- Адамдардың арасындағы ең білімді болғым келеді?
- Алладан қорық, адамдардың ең білімдісі боласың.
- Адамдардың ең байы болғым келеді?
- Алланың бергендеріне шүкір қыл, адамдардың ең байы боласың.
- Ең әділетті кісі болғым келеді?
- Өзіңе қалаған нәрсеңді өзгеге де қала, адамдардың ең әділі боласың.
- Адамдардың ең жомарты болғым келеді?
- Адамдарға пайда тигізуші бол, адамдардың ең жомарты боласың.
- Алланың ең сүйікті құлы болғым келеді?
- Сен Алланы көп еске ал, ең сүйікті құлдардан боласың.
- Иманымның қуатты болғанын қалаймын?
- Мінезіңді түзет, иманың қуатты болады.
- Алладан шын қорқатын адам болғым келеді?
- Құлшылықтарыңды сен Алланы көріп тұрғандай орында, егер сен Оны көрмесең, Ол сені көріп тұр.
- Аллаға бойсұнушы құл болғым келеді?
- Бұйырылғанды орында, тыйғаннан тиыл, бойсұнушылардын боласың.
- Қиямет күні Алланың құзырында дәрежем көтерілгенін қалаймын?
- Ешкімге қатыгездік жасама, қияметте Алла сенің дәрежеңді көтеретін болады.
- Қияметте Алланың мейіріміне бөленуді қалаймын?
- Өзіңе және Алланың құлдарына мейірімді бол.
- Күналарымның азайғанын қалаймын?
- Көп тәубе ет, күналарың азаяды.
- Шүкіршіл құлдардан болғым келеді?
- Ешбір нәрседе адамдарға шағымданба.
- Барлығынан күшті - қуатты болғым келеді?
- Аллаға тәуекел ет, барлығынан күшті-қуатты боласың.
- Алла менің несібемді көбейткенін қалаймын?
- Үнемі дәретпен жүр.
- Қиямет күні Алла тағаланың маған ашуланбайтындығына сенімді болғым келеді?
- Алланың жаратқандарының ешбіріне ашуланба.
- Алланың менің дұға-тілектеріме жауап бергенін қалаймын?
- Тиылған нәрселерден өзіңді аулақ ұста, Алла сенің дұға-тілектеріңе жауап беретін болады.
- Қиямет күні Алланың құзырында кемшіліктерімнің жасырылғанын қалаймын?
- Өз бауырларыңның кемшіліктерін жасыр.
- Күнә мен қателіктер не нәрсемен кешіріледі?
- Көз жасы, итағат ету және ауру.
- Алла қай амалды жақсы көреді?
- Көркем мінез, қарапайымдылық және қайғыға сабыр ету.
- Алла қай амалды өте жек көреді?
- Жаман мінез бен сараңдықты өте жек көреді.
- Осы дүниеде Алланың ашуын қайтаратын қандай амал бар?
- Жасырын садақа беру және ренжіскен екі адамның арасын татуластыру.
- Қиямет күні тозақтың отын сөндіретін қандай амал бар?
- Қайғы – мұңда сабыр ету.
- Алла мен Оның елшісінің (с.ғ.с.) сүйіктісі болғым келеді?
- Алла мен оның елшісінің жақсы көрген нәрселерін сен де жақсы көр, - деп жауап берді.